21.11.2022, 17:47
Оқылды: 54

Қазақстандық кәсіпорындар өз жұмысшыларына 4,3 миллиард теңге қарыз – Еңбек министрлігі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазақстандық кәсіпорындардың қызметкерлерге 4,3 миллиард теңге қарыз екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

20,

Еңбек инспекторлары өз қызметкерлеріне қарыз кәсіпорындарға 130,1 миллион теңге айыппұл салды.

"1 қарашадағы жағдай бойынша еңбек инспекторлары 781 кәсіпорынның 18,9 мың жұмысшыға 4,359 миллиард теңге қарыз екенін анықтады", – делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, осылайша 17,2 мың жұмысшының құқығы қорғалып, оларға 4,2 миллиард теңге төленді.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале