Малайзияның Кампар қаласында физикадан Азия олимпиадасы өз мәресіне жетті. Онда әлемнің 27 елінен 212 оқушы бақ сынасты, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстан құрамасы бір күміс, алты қола медальға және бір мақтау грамотасына ие болды.
Жеңімпаздардың есімдері:
Күміс медаль – Маргулан Нурсагатов, Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 11 сынып оқушысы;
Қола медаль – Ілияс Қазымбек, Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 11 сынып оқушысы;
Қола медаль – Досжан Бисимби, Алматы қаласының «Мирас» халықаралық мектебінің 12 сынып оқушысы;
Қола медаль – Бекасыл Елубай, Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11 сынып оқушысы;
Қола медаль – Артур Ким, Ақтөбе облыстық дарынды жасөспірімдерге арнаған мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы;
Қола медаль – Амир Пшенбаев, Астана қаласының дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы;
Грамота – Нұрасыл Барлыбаев, Атырау облыстық №1 «Білім-инновация» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы.
Құрама команда жетекшілері:
Самат Мақсұтов – PhD, SDU доценті және Нұрдәулет Қаласов – PhD, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы.
zhaikpress.kz