7.09.2023, 15:15
Оқылды: 34

Қазақстандық шахматшы қыздар әлем чемпионатын жарқын жеңіспен бастады

Польшаның Быдгощ қаласында шахматтан әйелдер арасында командалық әлем чемпионаты басталды. Қазақстандық шахматшы қыздар алғашқы екі ойында жеңіске жетіп, топта көш бастады. 

F08DF530-EA01-43B1-A2A5-2B6489816BAF

Жарыстың алғашқы күні отандастарымыз фаворит саналатын Үндістан құрамасын (2½-1½) ұтты, одан кейін Мысыр елі шахматшыларынан 3:1 есебімен басым шықты. Осылайша 4 ұпаймен топ басына шықты, деп жазды massaget.kz порталы.

Үндістанға қарсы ойында Бибісара Асаубаева, Меруерт Камалиденова мен Алуа Нұрманова қарсыластарымен тең ойнаса, жеңіс сыйлаған партияда Әмина Қайырбекова қарсыласынан басым болды. 

Мысыр қыздарына қарсы ойында Бибісара мен Меруерт жеңіске жетіп, Ксения Балабаева мен Алуа Нұрманова тең түсті. 

Алдағы уақытта Қазақстан құрамасының қыздары Франция, Украина және Грузия құрамаларына қарсы ойнайды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале