4.07.2026, 12:00
Оқылды: 5

Қазақстандық студенттер су мамандығы бойынша Қытай гранттарына ие болуы мүмкін

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметінше, ведомство басшысы Нұржан Нұржігітов Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Хань Чуньлинмен кездесті.

_gluster_2026_7_1_30287e15fb37f3f21eeedb9ba0fd9cb8_1280x720

Фото: gov.kz

Тараптар су саласындағы екіжақты ынтымақтастық пен кадр даярлау мәселелерін талқылады. Осы жылдың қыркүйек айында Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті Солтүстік Қытай су ресурстары және гидроэнергетика университетімен бірлескен білім бағдарламасын іске қосады. Қазіргі уақытта қазақстандық студенттерге Қытайдың аталған жоғары оқу орнында оқу үшін гранттар бөлу мәселесі келісіліп жатыр.

Сонымен қатар Тараз қаласындағы Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының базасында Қытайдың «Үш шатқал» колледжімен бірлескен оқу орталығын ашу пысықталуда. Биыл мамыр айында отандық мамандардың алғашқы тобы тәжірибе алмасу үшін Қытайға семинарға аттанған болатын. Жыл соңына дейін көрші елде шамамен 200 қазақстандық маман білім алады, оның шығындарын Қытай тарапы толық өтейді. Кездесу барысында Нұржан Нұржігітов қытайлық компаниялардың Қазақстандағы су инфрақұрылымы жобаларына қатысу мүмкіндігін және трансшекаралық өзендерді бөлу жөніндегі келіссөздер барысын да сөз етті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале