9.12.2020, 9:39
Оқылды: 71

Қазақстандық теннисші ойнаған матч үздік деп танылды

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) румыниялық Симона Халеп пен қазақстандық Елена Рыбакина арасында өткен ойынды 2020 жылдың үздік матчы деп таныды.

тен1

Бұдан бұрын хабарланғандай, Дубай турнирінің финалында дүниежүзілік рейтингте 19-орында тұрған Е.Рыбакина әлемнің 2-ракеткасы Симона Халепке жол берген болатын.

Биылғы 22 ақпанда аса тартысты өткен кездесуде Қазақстанның бірінші ракеткасы Е.Рыбакина кезінде рейтингте көш бастаған 2019 жылғы Уимблдон турнирінің жеңімпазы С.Халепті бірінші сетте 6:3 есебімен ұтты. Екіншісінде Симона дәл сондай есеппен есе қайырды.

Үшінші, шешуші партия тай-брейкке дейін жетіп, онда С.Халеп 7:6 (7:5) есебімен жеңіске жетті. Бұл оның спорттық жолындағы 20-сыншы титулы еді.

Осылайша 2 сағат 27 минутқа созылған ойында Е.Рыбакина әлемнің ең таңдаулы теннисшілерінің бірімен терезесі тең өнер көрсеткен еді.

Жылдың үздік матчы атағына сондай-ақ Лексингтонда америкалықтар Серена мен Винус Уильямс, Остравада Беларусь өкілі Арина Соболенко мен тағы бір америкалық Кори Гауфф, Цинниннатиде жапониялық Наоми Осака мен эстониялық Анетт Контавейт арасында өткен ойындар да ұсынылды.

Елена Рыбакина 2020 жылдың қорытындысы бойынша эйс саны жөнінен әлемдегі үздіктер көшін бастады. Ол өтіп бара жатқан жылда 193 рет эйс жасаған екен. Атақты С.Уильмс (178) екінші, А.Соболенко (165) үшінші орында.

Рыбакина — 193;

Серена Уильямс — 178;

Соболенко — 165;

Гарбинье Мугуруса — 160;

Дженнифер Брэди — 149;

Саккари — 144;

Мертенс — 144;

Наоми Осака — 141;

Каролина Плишкова — 137;

Онс Жабер — 126.

inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале