Тимофей Скатов (әлемнің 155-ші ракеткасы) Жиронадағы (Испания) Челленджер сериясының теннис турнирінің екінші айналымында серб Мильян Зекичті (әлемнің 214-ші ракеткасы) сенімді түрде жеңді, деп жазады olympic.kz.
Фото: olympic.kz
Матч 6:0, 6:4 есебімен аяқталды. Ширек финалда қазақстандық ресейлік Иван Гаховқа қарсы ойнайды.
Бейбут Жукаев (әлемнің 343-ші ракеткасы) француз Лилліндегі "Челленджерде" сенсация тудыруға сәл қалды. Қазақстандық Австралиялық Макс Пёрселден (әлемнің 99-шы ракеткасы) жеңілді) есеп - 6:7 (1:7), 6:2, 6:7 (5:7).
Сондай-ақ, Лилльде тағы бір ойыншымыз Михаил Кукушкин (әлемнің 275-ші ракеткасы) бірінші айналымда француз Кенни Де Схепперге (әлемнің 348-ші ракеткасы) 2:6, 3:6 жол берді.