30.03.2023, 14:30
Оқылды: 39

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Испаниядағы турнирдің 1/4 финалына шықты

Тимофей Скатов (әлемнің 155-ші ракеткасы) Жиронадағы (Испания) Челленджер сериясының теннис турнирінің екінші айналымында серб Мильян Зекичті (әлемнің 214-ші ракеткасы) сенімді түрде жеңді, деп жазады olympic.kz.

1680151635

Фото: olympic.kz

Матч 6:0, 6:4 есебімен аяқталды. Ширек финалда қазақстандық ресейлік Иван Гаховқа қарсы ойнайды.

Бейбут Жукаев (әлемнің 343-ші ракеткасы) француз Лилліндегі "Челленджерде" сенсация тудыруға сәл қалды. Қазақстандық Австралиялық Макс Пёрселден (әлемнің 99-шы ракеткасы) жеңілді) есеп - 6:7 (1:7), 6:2, 6:7 (5:7).

Сондай-ақ, Лилльде тағы бір ойыншымыз Михаил Кукушкин (әлемнің 275-ші ракеткасы) бірінші айналымда француз Кенни Де Схепперге (әлемнің 348-ші ракеткасы) 2:6, 3:6 жол берді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале