21.11.2023, 15:30
Оқылды: 160

Қазақстандық жас теннисшілер әлемдік рейтингте жоғары көтерілді

Халықаралық теннис федерациясы (ITF) жасөспірімдер арасында жаңартылған рейтингті жария етті.

Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы жазды.

kazakstandyk_zhas_te_1700544148

Фото: ktf.kz

Таиландағы турнирде табысты өнер көрсеткен Әмір Омарханов жекелей сында бірден 42 сатыға жоғары көтеріліп, 57-орынға жайғасты.

Сондай-ақ Даниал Рахматуллаев 114-ке (+2), Виталий Зацепин 154-ке (+16) шықты. Ерасыл Ерділдә – 234, Ілияс Маратұлы – 244, Заңғар Нұрланұлы 331-сатыда тұр.

Қыздар арасында Асылжан Арыстанова көрсеткішін едәуір жақсартып, 85-тен 66-ға жоғарылады. Айя Нұпбай – 204, Полина Слепцова 230-орында келеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале