27.08.2024, 15:15
Оқылды: 72

Қазақстандық жас теннисшілер екі турнирде жеңімпаз атанды

Қазақстандықтар Дамир Жалғасбай, Сәтима Төреген және Анастасия Крымкова жұптық сында 18 жасқа дейінгілер арасында ITF Juniors турнирлерінде үздік шықты. Бұл туралы ҚТФ-ның баспасөз қызметі хабарлады.

65FD4CF6-2D2B-42EB-B713-C3C1D8061572

ҚТФ-ның баспасөз қызметі

Жалғасбай Барселонада (Испания) J100 жарысында жеңімпаз атанды. Қазақстандық теннисші франциялық Николь Робермен бірге финалда украиналық Максим Колобишко – испаниялық Ноа Лопезді 7:5, 6:3 есебімен тізе бүктірді.

Жекелей сында Дамир финалға дейін жетіп, шешуші бәсекеде испаниялық Тито Чавеске жол берді – 4:6, 1:6.

Өткен аптада Дамир Польшада J100 додасында озып шығып, соның нәтижесінде жасөспірімдер арасында әлемдік рейтингіде ТОП-200-ге кірді. Өзбекстанның Ферғана қаласында ITF Juniors J100 турнирі аяқталды.

Қыздар арасында Сәтима Төреген мен Анастасия Крымкова чемпион болды.

Қазақстандықтар финалда ресейліктер Алена Харченко – Кира Плишвитчеваны айқын басымдылықпен ұтты – 6:3, 6:1.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале