19.06.2023, 14:30
Оқылды: 14

Қазақстандық жас теннисшілер халықаралық турнирлерде табысты өнер көрсетті

Қазақстандық жас теннисшілер халықаралық турнирлерде табысты өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2306191332046043g

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Грузияда 18 жасқа дейінгілер арасында J30 TBILISI ITF «MZIURI CUP» жарысы аяқталды.

Қарағандылық Яна Ким ақтөбелік Амира Қазтуғанмен бірге финалға дейін жетіп, онда тартысты бәсекеде ресейліктер Мария Бахтина – Нина Сазоноваға жол берді – 5:7, 6:4, 2:10.

Сондай-ақ Грузияда 14 жасқа дейінгілер арасында Tennis Europe додасында Родион Трайгель жекелей және жұптық сында финалист атанды.

Ол финалда жарыстың бірінші ракеткасы, ресейлік Иван Макаровқа жол берді 7:6 (7:4), 4:6, 3:6.

Жұптық сында Мансұр Сайыновпен бірге соңғы бәсекеде ресейлік Иван Макаров – түркиялық Ягыз Йылдыздан ұтылды – 3:6, 4:6.

Шолпан-Атада (Қырғызстан) Азия теннис федерациясы аясында ұйымдастырылған турнирде қазақстандық Сара Хамитова абсолютті чемпион атанды.

Сара жекелей сында финалда отандасы Адель Хұсайыновадан басым түсті – 6:2, 6:2.

Жұптық сында тағы бір қазақстандық Виолетта Волковамен бірге А.Хұсайынова – ресейлік Екатерина Кирюшенконы тізе бүктірді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын әлемдік рейтингте Рыбакинаның үштікте, Путинцеваның ТОП-50-де екендігін жазған болатынбыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале