25.10.2024, 15:51
Оқылды: 250

Республика күнінде казталовтық отбасылар баспаналы болды

Бүгін Республика күні Казталов ауданының әкімі Асланбек Сарқұлов Қоныс ауылында жаңа тұрғын үйлердің кілтін табыстады.

image-25-10-24-01-24

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтарындағы азаматтардың баспана мәселесін шешу қажеттігін айта келе: «Әлеуметтік осал топтағы азаматтарға қолдау көрсету — біздің басты міндетіміз. Үй кезегінде тұрған азаматтардың баспана мәселесін шешу үшін мемлекеттік қолдауды күшейтіп, тұрғын үй құрылысы мен оның қолжетімділігін арттыру қажет. Әсіресе, көпбалалы отбасыларға, мугедектігі бар жандарға және халықтың әлеуметтік осал топтарына ерекше назар аударып, олардың баспанаға қол жеткізуіне барынша жағдай жасауымыз керек» - деген болатын.

Тұрғын үйлердің құрылысын сапалы, заманауи үлгіде жүргізген мердігерлеріміз – Қошанкол ауылдық округі Бекзат Энгельсұлы Иманғалиев, Руслан Мырзабекұлы Емранов, Болашақ ауылдық округі Аманжол Сейітжанұлы Сатқанов, Бауыржан Мәлікұлы Адаханов және Қоныс ауылында жеке кәсіпкер Абат Сағидоллаұлы Китаров.

image-25-10-24-01-24-1

Салтанатты шарада аудан әкімі Асланбек Сарқұлов:

— Президенттің тапсырмасына сәйкес биылғы жылы Казталов ауданы бойынша 28 елді мекенде үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтағы отбасыларға арнап қос пәтерден тұрғын үйлер салынып, пайдалануға берілуде. Бұның барлығы халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында жүзеге асырылып жатқан жұмыстар. Міне, бүгін Ұлық мереке — Республика күнінде Қошанкөл, Болашақ ауылдық округі және Қоныс ауылында жаңадан бой көтерген заманауи тұрғын үйдің кілтін салтанатты түрде табыстап жатырмыз. Жаңа үйлеріңізге құтты болып, отбасыларыңызда шаттық, береке болсые! Жаңа қоныс той құтты болсын, жерлестер! - деген тілегін жолдады.

Қуаныш Берденов, зейнеткер:

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жүргізіп отырған дұрыс саясатының арқасында еліміз дамуы мен халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсарту мақсатында көптеген бағдарламалар жүргізіліп жатыр. Ауылда 30 жылдан астам уақыт тұрғын үй салынбаған болатын. Бүгінгі Республика күнінде пәтер кілтін алып жатқан отбасыларды құттықтаймын. Жаңа үлгіде салынған үйлеріңізде бақытты болыңыздар. Қоныс той құтты болсын!», - деді.

Гүлнұр Бөлешова

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале