Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлады. Қазақстандық жасөспірім теннисшілер 12 жасқа дейінгілер арасында Tennis Europe жарыстарында жақсы табыстарға қол жеткізді.
Фото: ktf.kz
Германияның Карлсруэ қаласында бірінші санаттағы турнирде Полина Лазаренко жұптық сында чемпион атанды.
Лазаренко болгариялық Рая Петковамен бірге шешуші ойында камбэк жасап, германиялықтар Найле Буи – Дарья Строгалшиковадан басым түсті – 4:6, 7:6, 10:8.
Жекелей сында Полина финалда ғана корт иесі Лиузе Симоға есе жіберді – 3:6, 5:7.
Черногорияда екінші санаттағы осындай додада Ақзере Ерімбет пен Эмилия Старусева финалға дейін жетті. Титул үшін матчта қазақстандықтар ресейлік Полина Кашытсина – украиналық Софья Трибадан ұтылып қалды – 3:6, 4:6.