3.11.2022, 14:45
Оқылды: 41

Қазақстандықтар 2023 жылдан бастап Қатарға жиі ұша алады

 Жаңа жылдан бастап Қазақстан мен Қатар арасындағы әуе рейстерінің саны көбейеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

270d31f8c1b84936a483a1392d44d110

Азаматтық авиация комитеті рейстер санын одан әрі ұлғайту және Қазақстанға/Қазақстаннан ұшу географиясын кеңейту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

2023 жылғы 3 қаңтардан бастап Qatar Airways катарлық авиакомпаниясы Алматы және Доха қалалары арасында орындалатын тұрақты жолаушылар рейстерінің санын аптасына 4-тен 7-ге дейін арттыруды жоспарлап отыр.Азаматтық авиация комитеті

 Осылайша екі ел арасында әуе қатынасы күнделікті болады.

Сонымен қатар Qatar Airways әуекомпаниясы 2023 жылғы көктемгі-жазғы кезеңде Қазақстан мен Қатар астаналары – Астана мен Доха арасында ұшуларды жоспарлап отыр.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале