15.04.2026, 16:15
Оқылды: 39

Қазақстандықтар арасында некеге тұрудың негізгі себебі - махаббат

c53712b4-20bf-4d93-a1a7-244b5e355b27

Бүгінгі мереке құрметіне Қазақстандық қоғамдық даму институты қазақстандықтар арасында некеге тұрудың негізгі себептерін айқындайтын әлеуметтік зерттеудің нәтижелерін ұсынды.

Қазақстандық қоғамдық даму институтының ресми арнасында: "Алынған деректерге сәйкес, некеге тұрудың маңызды себептерінің ішінде эмоционалдық сипаттағы факторлар басым. Респонденттердің 59,9%-ы отбасы құрудың басты себебі ретінде махаббатты атаған.

Өзге маңызды себептердің қатарында аталғандар:
- көзқарастар мен қызығушылықтар ортақтығы - 17%
- баланың дүниеге келуі - 10,7%
- ата-анадан тәуелсіз болу - 5,5%

Сонымен қатар, зерттеу қазақстандықтар үшін отбасы ең алдымен, бақыт пен махаббат (44,9%) ұғымдарымен байланысты екенін көрсетті. Ал некені азаматтар қарым-қатынастарды ресми рәсімдеу мен отбасы құрумен байланыстырады" деп көрсетілген.

🔗Дереккөз: «Қазақстан отбасылары – 2024», іріктеме - 3000 респондент.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале