4.02.2022, 10:21
Оқылды: 47

Қазақстандықтар Бейжің Олимпиадасының ашылу салтанатының трансляциясын қайдан көре алады

 4 ақпанда Бейжіңде XXIV қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтеді. Олимпиаданың ашылу салтанаты «Құстың ұясы» ұлттық стадионында өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

220131143449207e

Қазақстанда бұл шараның тікелей трансляциясын үш телеарна – «Хабар», «Qazsport» және «Qazaqstan» ұйымдастырады.

Ол Нұр-Сұлтан уақытымен 17:55-те басталады.

Қазақстанның ашылу салтанатында шорт-трекші Абзал Әжғалиев пен конькиші Екатерина Айдова ту ұстайды. Бейжіңдегі Олимпиада ойындары 4-20 ақпан аралығында өтеді. Спортшылар 109 медаль жиынтығын сарапқа салады. Бұл жарыстарға Қазақстан құрамасы 34 спортшымен қатысуда.

Отандық спортшылар Олимпиаданы 3 ақпанда бастады. Алғашқы болып фристайлшылар шықты. Ерлер мен әйелдер арасындағы іріктеу қорытындысы бойынша қазақстандықтардың ешқайсысы бірінші әрекетте финалға шыға алмады (екінші іріктеу 5 және 6 ақпанда өтеді).

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале