7.04.2021, 19:53
Оқылды: 150

Қазақстандықтар электронды үкімет порталы арқылы вакцина салдыруға өтінім бере алады

Қазақстандықтар электронды үкімет порталы арқылы вакцина салдыруға өтінім бере алады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

210407184854829a3773526i
«8 сәуірден бастап Денсаулық сақтау министрлігі электронды үкімет порталы арқылы вакцинацияға жазылу қызметін іске қосуды жоспарлап отыр», - деді Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Оның атап өтуінше, ол үшін азаматтар электронды үкімет порталында тіркеліп, өтінім беруі қажет. Сонымен қатар тіркелген мекен жайы бойынша медициналық ұйымды көрсетуі керек. Осыдан кейін өтінім медицина ұйымдарының қарауына түседі. Өтінім қаралғаннан кейін медициналық ұйым вакцина салынатын уақытта көрсету арқылы оны бөледі.

Жоғарыда аталған іс-шаралар аяқталған соң өтінім берген азамат электронды үкімет порталынан вакцина салдыру үшін медициналық ұйымға қай күні және қай уақытта баруы қажеттігін біле алады. Мұндай хабарландыру азаматқа SMS хабарлама арқылы да жіберіледі.

Дереккөз: inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале