28.05.2025, 15:15
Оқылды: 333

Қазақстандықтар қай зат үшін ең көп несие алады?

Айдың аяқталуына аз қалды, демек, несиелеу нарығындағы өзгерістерге көз жүгіртетін сәт келді. Бүгінгі шолуда - сәуірдегі үрдістер.

1b9f1e7a-a00f-4414-871e-19ff59e70681
Алдымен жекелеген несиелерге тоқталайық.
Наурызбен салыстырғанда жеке тұлғаларға берілген несиелердің жалпы сомасы номиналды мәнде 13,3%-ға артқан. Мұндай екі таңбалы өсім жиі бола бермейді. Алдын ала айта кетейік, қазіргі серпінге ипотекалық несиелеудің жандануы едәуір әсер етуде.

559bc081-e4f5-4f87-b843-de4b911d0b13
Сәуірде ипотекалық несиелердің жалпы көлемі 247,1 млрд тг жетіп, өткен айға қарағанда бір жарым есе өскен. Бұл өсімді бұрынғы сұраныстың кешіктіріліп жүзеге асуымен байланыстыруға болады: Ұлттық Банк тұрғын үй жинақ салымдары бойынша мемлекеттік сыйақының кешігіп төленуі І тоқсанда сұранысты тежегенін атап өтеді.
Бұл жорамал қарыз алушылар санының айтарлықтай өсуімен жанама түрде расталып отыр - айдан айға +54,1%, 13 мың адамға дейін. Осылайша, бір айда бір қарыз алушыға шаққандағы орташа сома өзгеріссіз қалды - 19 млн тг. Жалпы алғанда, 2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша шегерілген берешекті қоспағандағы ипотекалық несие портфелі 6,7 трлн тг жетті, наурыз қарағанда 1,6%-ға өскен. Аталған несие өнімі бойынша қарыз міндеттемелерін 610,4 мың адам (айдан айға +0,9%) иеленді, ал несиенің жалпы саны 638,6 мың болды (айдан айға +1%).
Атап өтейік: «шегерілген берешекті есептемегенде» - бұл әдістемелік тұрғыдан ескеретін маңызды жайт. Біз бұған дейінгі жазбаларымызда жеке және заңды тұлғалардың несие портфельдері бойынша шегерілген берешекті қоса есептеген деректерді пайдаланған едік.
Автонесиелер де өсіп келеді, бірақ ипотекаға қарағанда қарқыны сәл баяулау: наурызға қарағанда берілген автонесиелер көлемі 21,3%-ға өсіп, қазіргі деңгейі 238,5 млрд тг болып тұр. Бұл ретте көрсеткіш қатарынан үшінші ай екі таңбалы санмен өсіп отыр. Сәуірдегі серпін қарыз алушылар санының өсуімен (+11,9%, 24,8 мың адамға дейін) және бір қарыз алушының алған орташа сомасының ұлғаюымен(+8,4%, 9,6 млн тг дейін) байланысты.

ec55a65a-c1ed-47c0-8cfd-772518c8eaa9
Ипотека мен автонесиеге қарағанда кепілсіз тұтынушылық несиелердің өсімі бәсеңдеу. Сәуірде жалпы берілген сома 5%-ға артып, 889,8 млрд тг жетті (жалпы инфляция деңгейі 1,2% болғанда). Ал қарыз алушылар саны 3,3%-ға өссе, олар рәсімдеген орташа несие сомасы 1,6%-ға өскен.
Енді кәсіпорындарды несиелеу жағдайына тоқталайық.
Сәуірде заңды тұлғалар мен ЖК 2 трлн тг астам сомаға несие берілген. Наурызбен салыстырғанда өсім 35%-ды, ал 2024 жылдың сәуірімен салыстырғанда 29,4%-ды құрап отыр (айта кетейік, бір жылда тұтыну тауарлары мен қызметтерінің бағасы 10,7%-ға артты.

cb338719-3525-4299-b954-8fee2f424b74
Берілген несие сомасының 91%-ы заңды тұлғаларға тиесілі, яғни 1,8 трлн тг. Бір айда абсолютті көрсеткіш 36,3%-ға, ал бір жылда 30,8%-ға артқан. Сәйкесінше, ЖК үлесі 9%-ды құрап, 191,8 млрд тг тең болып отыр. Соңғы аталған сегментте өсім де байқалады: айдан айға +23,6%, жылдан жылға +18,6%.

Бірінші кредиттік бюро деректері @DataHub_KZ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале