18.03.2024, 16:45
Оқылды: 58

Қазақстандықтар МӘМС-ті әділдік қағидаты бойынша төлейтін болады

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жарналарды төлеуде әділдікке қол жеткізу мақсатында салық төлеушілердің барлық топтары бірдей тиімді мөлшерлемелер бойынша жарналарды төлейтін нақты жалпақ шкалаға көшу ұсынылады", - деп хабарлайды ҚР денсаулық сақтау министрлігі.

fap a (1)

Фото: www.gov.kz

- Табысы төмен адамдар ауқатты азаматтардан артық төлемеуі керек, - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрлігі.

Ұсынылған шаралардың нәтижесінде халықтың қалта немесе жеке шығыстарының төмендеуі, сақтандырылған азаматтардың алдын ала төленген сапалы медициналық көмек алу құқықтарын қорғау күтілуде.

Сондай-ақ, бұл жаңалық медициналық ұйымдардың қаржылық тұрақтылығы және денсаулық сақтауды қаржыландырудың сақтандыру моделіне көшу мәселелерін біртіндеп шешуге мүмкіндік береді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале