29.02.2024, 0:00
Оқылды: 34

Қазақстандықтар өзімізде қайнатылған сыраны көп ішпейтін болған

2023 жылдың қорытындысында отандық сыра қайнатушылар 611,2 млн литр сыра өндірді. Бұл 2022 жылдың 12 айымен салыстырғанда 14,8 пайызға аз. 2021 жылғы рекордтық жылмен салыстырғанда сыра өндірісі 15,4 пайызға қысқарды, деп хабарлайды Kazinform.

12Фото: yandex.kz

Energyprom.kz порталының мәліметінше, биыл қаңтарда 29 млн литр сыра өндірілді. Бұл 2023 жылдың қаңтарымен салыстырғанда бірден 34,8 пайызға кем.

2023 жылғы қаңтар-желтоқсанда қазақстандық сыра қайнату зауыттары сыраға сұраныстың 89,8 пайызын (экспорттық және ішкі нарықта сату) қамтамасыз етті.

2022 жылы көрсеткіш 92,4 пайыз болған. Импорт бірден 17,3 пайызға, 69,6 млн литрге дейін өсті.

Бұл импорт үлесін 7,6 пайыздан 10,2 пайызға дейін ұлғайтты.

Сыра экспорты 20,2 млн литрді құрап, 2,8 пайызға қысқарды, ал ішкі нарықтағы сату 12,6 пайызға, яғни 660,5 млн литрге дейін төмендеді.

Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-тәжірибелік орталығының мәліметінше, ең көп ішетін өңірлер — Солтүстік Қазақстан, Абай, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстары, ал ең аз ішетін өңірлер — Алматы қаласы, Маңғыстау және Алматы облыстары.

Бас-аяғы 90,4 мың азамат ішімдік мәселесіне байланысты есепте тұр.

2024 жылдың қаңтар айының соңында алкогольді сыраның бағасы бір айда небәрі 0,4 өсті.

Былтыр желтоқсанда бұл ішімдік 1,3 пайызға, ал 2023 жылдың қаңтарында 2,9 пайызға қымбаттаған. Бір жылда алкогольді сыраның бағасы 18,6 пайызға өсті

Өңірлер арасында алкогольді сыра бағасының ең жоғары жылдық өсімі Ақмола облысында байқалды — 36,3 пайыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале