29.07.2025, 21:30
Оқылды: 187

Қазақстандықтар тамызда қанша күн демалады?

Жаздың соңғы айында қазақстандықтар Конституция күнінің арқасында бір күн артық демалады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

_gluster_2023_8_31_e64a7c101a6fafd1f8c7dc60609b34d3_1280x720

Сурет: gov.kz

Конституция күні - Қазақстанның басты мемлекеттік мерекелерінің бірі. Еліміздің ең басты әрі маңызды құжаты 1995 жылы 30 тамызда қабылданды. Сондықтан мереке жыл сайын 30 тамызда атап өтіледі.

Бес күндік жұмыс аптасындағылар үшін

2025 жылы 30 тамыз сенбіге түсіп тұр, сондықтан "Мерекелер туралы" заңда көзделген қағидаға сәйкес демалыс күні дүйсенбіге, яғни 1 қыркүйекке ауыстырылады.

Тамызда бес күн жұмыс істейтіндерге 10 демалыс күні беріледі. Демалыс күндерінің кестесі мынадай:

  • 30, 31 тамыз және 1 қыркүйек - демалыс күндері.

Алты күндік жұмыс аптасындағылар үшін

Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер де қосымша демалыс күндерін пайдалана алады. Демалыс кестесі:

  • 30 және 31 тамыз - демалыс күндері, 1 қыркүйек - жұмыс күні.

Алты күндік жұмыс аптасындағылар тамызда 6 күн ғана демала алады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале