13.08.2026, 15:15
Оқылды: 12

Қазақстандықтар Telegram жұмысындағы ақаулар туралы хабарлады

Қазақстандық қолданушылар Telegram мессенджерінің жұмысындағы ақаулар туралы жаппай хабарлап жатыр. Detector404 порталының деректері де бұл мәселені растап отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Moscow, Russia - December 13, 2024: Two most popular in the world messengers WhatsApp and Telegram app icons on display of an iPhone.

Сурет: istockphoto.com

Ақауларды бақылау сервисінің мәліметінше, соңғы бір сағатта Telegram жұмысына қатысты шағымдардың басым бөлігі Астанадан түскен - халық санын ескергенде, барлық шағымдардың 35 пайызы елордаға тиесілі.

Одан кейінгі орында Қарағанды облысы - 12 пайыз, Павлодар облысы - 9 пайыз, Қостанай облысы - 8 пайыз және Шығыс Қазақстан облысы - 7 пайыз.

 Қолданушылар Telegram мобильді қосымшасының жұмысындағы іркілістер туралы айтып жатыр. Кейінгі 24 сағат ішіндегі шағымдардың 58 пайызы осы мәселеге қатысты. Тағы 38 пайызы хабарландырулардың келмеуіне тап болса, 3 пайызы сервистің жалпы жұмысындағы ақауларды хабарлады.

Операциялық жүйелер бойынша ең көп шағым iOS қолданушыларынан түскен - 43,5 пайыз. Android үлесіне шағымдардың 35,1 пайызы, Windows-қа - 16,6 пайызы, Mac OS X-ке - 3,8 пайызы тиесілі. Тағы бір пайызы басқа құрылғылардан түскен.

 DownDetector мониторинг сервисінің деректеріне сәйкес, ең көп таралған мәселелер арасында қосымшаның дұрыс жұмыс істемеуі көш бастап тұр - шағымдардың 68 пайызы. 17 пайыз жағдайда қолданушылар хабарлама жіберудегі ақауларды, ал тағы 9 пайызы аккаунтқа кіру кезіндегі қиындықтарды айтқан.

Сондай-ақ қолданушылар медиаконтенттің жүктелмеуіне, желіге қосылудың мүмкін еместігіне немесе хабарлама жібере алмай жатқанына шағымданған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале