5.12.2022, 16:31
Оқылды: 119

Қазақстандықтар үшін енді жұмысқа орналасу кезінде диплом міндетті болмайды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәжілісте өткен үкімет сағатында кадрларды қабылдау механизмі қалай өзгеретіні туралы айтты. Оның айтуынша, жұмысқа орналасу кезінде диплом міндетті болмайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

,

Жұмысқа орналасу кезінде қызметкерлер дипломы бар-жоғына қарамастан тәжірибеде біліктілігін растауы тиіс және жұмыс берушіден сертификат алуы керек. Мұндай талаптар кәсіби біліктілік туралы заң жобасында бекітілетін болады.

Тамара Дүйсенованың сөзінше, "дипломның болуы біліктілік деңгейін растау болып саналмайды".

"Бұл көп жағдайда жастардың жұмысқа орналасуына кедергі болып жатады. Осыған байланысты ұлттық біліктілік жүйесін әзірлеу арқылы білім беру жүйесін жұмыс берушілердің талаптарымен байланыстыратын "Кәсіби біліктілік туралы" заң әзірленді", - дейді ол.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале