2.02.2023, 12:15
Оқылды: 64

Қазақстандықтардың 73,5 %-ы бала тууды жоспарлау қажет деп санайды – сауалнама

Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифнгте Қазақстандық қоғамдық даму институтының басқарма төрағасы Нұрбек Матжани «Қазақстандық отбасылар - 2022» ұлттық баяндамасын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

c598eb171da1ff6410cda214c9647192

Фото дереккөзі: exk.kz

«Қазақстандық отбасылар - 2022» ұлттық баяндамасының мақсаты – отбасы институты саласындағы негізгі мәселелер мен трендтерді анықтау және ҚР отбасы институтын жетілдіру үшін практикалық ұсыныстар әзірлеу. Баяндама негізінен 4 тараудан тұрады. Олардың әрқайсысында бірнеше бөлімдер бар. Бірінші бөлімде еліміздегі отбасы саясатын жүзеге асыру процесіне талдау жасалып, оның заңнамалық және институционалдық аспектілері зерттелді. Екінші бөлімін әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды мемлекеттік-әлеуметтік қолдау мәселелеріне арналды. Үшінші бөлімі отбасылардағы ата-ана әлеуетін қалыптастыру және бала тәрбиесінің ерекшеліктерін зерттеуге арналған. Ал ұлттық баяндаманың төртінші тарауында алғаш рет сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күреске әйелдер мен отбасы институтының ықпалы туралы мәселенің қарастырылуын атап өткен жөн. Сондай-ақ баяндама аясында алғаш рет Қазақстандағы әке институты жан-жақты қарастырылды», - деп тоқталды Нұрбек Матжани.

Сонымен бірге ол баяндаманы әзірлеу барысында жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижелеріне тоқталды.

«Әуелі халықтың азаматтық некеге деген көзқарасы туралы зертеулерге тоқталсам. Орташа алғанда барлық жастағы адамдардың шамамен 25 %-ы азаматтық некеге оң көзқарас танытты. Ал сауалнамаға қатысқандардың 30%-дан астамы бейтарап ұстанымда. Қолдамайтындардың үлесі - 32,8 %. Бала тууды жоспарлау бойынша сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 73,5 %-ы бала тууды жоспарлау қажет деп санайды. Ал 15,2 %-ы жоспарлаудың қажеті жоқ деп есептесе, 11,3 %-ы бұл сұраққа жауап бере алмады», - деп түйіндеді Нұрбек Матжани.

Оның айтуынша, ұлттық баяндаманы дайындау барысында осыған дейінгі зерттеу деректері сарапталып, респонденттермен сауалнама және сұхбаттар жүргізілген.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале