17.10.2024, 12:30
Оқылды: 61

Қазақстандықтарға дербес деректерін өңдеуге берген келісімін қайтарып алуға мүмкіндік берілуі мүмкін

Бұл бастаманы ҚР ЦДИАӨМ пысықтап жатыр.

IMG_8748

Сурет: ОКҚ

«Біз электрондық үкімет порталы арқылы азаматтың өзінің дербес деректерін өңдеуге берген келісімін қайтарып алу мүмкіндігі функциясын іске қоспақпыз. Бұдан басқа, азаматтың қалауы бойынша оның дербес деректері толығымен жойылуға тиіс - қолжетімділікті тоқтатып қана қоймай, дерекқордан толығымен жойылуы керек деген жеке түйме болады», - деді Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Абдикаликов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале