Оның айтуынша, уақыт өте келе инвестицияның жаңа түрлері пайда болып жатыр.
«Қазір цифрландыру, технология заманы. Аталған салаларға инвестиция құйғысы келетіндер көп. Тағы бір мысал, Nike компаниясы шекті көлемде кроссовка шығарды. Сол кроссовкалар сериясының шығарылымына инвестиция құйған қарапайым адамдар бар. Солай табыс табады немесе аталған маркалы кроссовкаларды сату құқығына ие болады. Әрине, біз әлі ондай жағдайға жеткен жоқпыз, ертелеу. Осы орайда «Самұрық-Қазына» қоры қаржы және биржа ұйымдары мамандарымен бірлесіп халық арасында инвестиция құю, ол арқылы табыс табу туралы ақпараттық түсіндіру жұмысын жүргізуді қолға алды», - дейді ол.
Бұған дейін «Самұрық-Қазына» қорының өкілі 250-ден астам компания жекешелендіруге жататынын айтқан еді.