Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 27-28 қарашада Того Республикасының Президенті Фор Эссозимна Гнассингбе Қазақстанға ресми сапармен келеді.
Бұл туралы прездиенттің баспасөз қызметі хабарлады.
Сапар аясында жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіледі. Келіссөздер барысында екіжақты сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту перспективалары, сондай-ақ Қазақстанның Африка құрлығындағы мемлекеттермен өзара ықпалдастық мәселелері талқыланады деп жоспарланып отыр.