14.04.2025, 12:00
Оқылды: 154

Қазақстанға жақын мемлекетте ауыр асқынуларға әкеп соғуы мүмкін вирус тарап жатыр

Моңғолияда қызылшамен ауырғандардың жалпы саны 506 адамға жетті. Елдің Ұлттық жұқпалы ауруларды зерттеу орталығының жексенбі күні таратқан мәліметіне сәйкес, соңғы тәулікте инфекцияның тағы 11 жаңа жағдайы тіркелген, деп хабарлайды BAQ.KZ Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Tepoztlán, Morelos, Mexico - April 21, 2021: Covid-19 vaccination campaign in Mexico. Public health personnel vaccinating senior people against COVID-19 with the Pfizer vaccine, at a pop-up vaccination center on a soccer field, to prevent the spread of the virus among the mexican population.

Сурет: istockphoto.com

Ресми деректерге сүйенсек, соңғы анықталған жағдайлардың көпшілігі — мектеп жасындағы, қызылшаға қарсы тек бір реттік вакцина алған балалар арасында кездесіп отыр. Осыған байланысты мамандар ата-аналарға балаларын екі дозалы вакцинамен егуді ұсынып, аурудың алдын алуға шақырды.

Дәрігерлер қызылшаның — жоғары жұқпалылықпен сипатталатын және ауыр асқынуларға әкеп соғуы мүмкін вирус тудыратын инфекциялық ауру екенін ескертеді. Оның негізгі белгілеріне қызба, құрғақ жөтел, мұрыннан су ағу, тамақ ауруы және көздің шырышты қабығының қабынуы жатады.

Медицина қызметкерлерінің айтуынша, бұл аурудан қорғанудың жалғыз тиімді жолы — уақытылы вакцина салдыру.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале