2021 жылдың тоғыз айында Қазақстаннан 25 322 адам көшіп кетті, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20,1%-ға көп. Ал елге 7246 адам келді (-21,5%).
LS редакциясы олар қай елдерге кеткенін, қандай білім мен мамандықтарға ие екенін анықтап кордi.
Елдер бойынша
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, есепті кезеңде Ресейге 21 178 адам кеткен. Германияға – 2447, Польшаға – 250, АҚШ-қа – 246, Беларуське – 233, Израильге –143, Өзбекстанға – 142, Қырғызстанға – 95, Канадаға –75, Түркияға – 74, Украинаға – 66, Әзірбайжанға – 38.
Ал Қазақстанға қоныс аударғандардың ішінен 2522 адам Өзбекстаннан, 2459 – Ресейден, 378 –Қырғызстаннан, 237 – Әзірбайжаннан, 188 – Қытайдан, 168 – Тәжікстаннан, 163 – Түрікменстаннан, 156 – Түркиядан, 148 – Ауғанстаннан, 126 – Германиядан, 73 – Украинадан келді.
Білім деңгейі бойынша
Қазақстаннан кеткен 15 жастан асқан адамдардың арасында 6714 адамның жоғары білімі бар, бұл осы жас санатындағы мигранттардың жалпы санының 36,2%-ы. 5967 адамның кәсіптік орта білімі бар (32,1%), жалпы орта – 3930 (21,2%), негізгі орта – 1951 (10,5%).
Қазақстанның жаңа тұрғындарына келетін болсақ, 1583 адамның жоғары білімі бар (23,2%), кәсіптік орта – 2466 (36,2%), жалпы орта – 1651 (24,2%), негізгі орта – 1112 (16,3%).
Мамандықтар бойынша
Тоғыз ай ішінде Қазақстаннан техникалық мамандығы бар 4144 адам, экономикалық мамандығы бар 2025 адам, педагогикалық мамандығы бар 1260 адам, педагогикалық мамандығы бар 699, медициналық мамандығы бар 488, заңгерлік мамандығы бар 355, сәулет-құрылыс мамандығы бар 173, ауыл шаруашылық мамандығы бар 3537 адам көшіп кетті.
Есепті кезеңде елімізге 782 техникалық маман, 394 экономикалық, 289 педагогикалық, 227 медициналық, 132 заңгерлік, 91 сәулет-құрылыс, 76 ауыл шаруашылығы және 2057 басқа да мамандар көшіп келді.
Өңірлер бойынша
Көшіп кетушілердің көпшілігі Қарағанды облысында – 3705 адам, ШҚО-да – 3251, Павлодар облысында – 2745, Қостанай облысында – 2601, Алматыда – 2517, СҚО-да – 1744, Ақтөбе облысында – 1597, Ақмола облысында – 1505, Нұр-Сұлтанда – 1368 адам тұрды.
Сонымен қатар, жаңа келгендер Маңғыстау – 1544 адам, Алматы – 1262, Шымкент – 634, Қостанай – 561, Нұр-Сұлтан – 489, Павлодар – 358, Ақтөбе – 347, Түркістан облысын – 346, СҚО – 336 адам таңдады.
Ұлты бойынша
Тоғыз айда елден 17 251 орыс, 2335 неміс, 1835 украин, 1243 қазақ, 792 татар, 340 белорус, 288 поляк, 157 кәріс, 114 өзбек, 107 әзірбайжан, 66 шешен, 64 молдаван, 61 башқұрт, 50 грек және т.б. кетті.
Олардың орнына 2773 қазақ, 1804 орыс, 402 өзбек, 310 әзірбайжан, 283 қарақалпақ, 216 украин, 180 қырғыз, 168 тәжік, 145 түрік, 138 татар, 128 неміс, 125 корей, 96 ауған, 57 армян, 43 шешен, 40 ұйғыр, 31 белорус және басқалар келдi.
Дереккөз: zakon.kz