1.12.2023, 9:00
Оқылды: 49

Қазақстанның 13 өңірінде күн райына байланысты ескерту хабарланды

Қазақстанның 13 өңірінде күн райына байланысты ескерту хабарланды.

погода

«Қазгидромет» еліміздің 13 өңіріндегі күн райына орай ескерту хабарлады.

Қыстың алғашқы күні Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Маңғыстау,  Ұлытау, Жамбыл облыстарында тұман. Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстарында бұрқасын соғып, көктайғақ, тұман болады. Жел жылдамдығы секундына 18 метр.

Ақмола, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында бұрқасындатып, көктайғақ болады. Еліміздің батысы, солтүстігі, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні батыс пен шығыста секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Ақтөбе облысында көктайғақ.

qazaqstan.tv

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале