3.10.2023, 9:00
Оқылды: 57

Қазақстанның 20 өңірінде робототехника бойынша іріктеу чемпионаттары өтеді

​​USTEM Foundation қоғамдық қоры Оқу-ағарту Министрлігінің қолдауымен робототехника бойынша өңірлік іріктеу чемпионатын өткізеді.

Бұл туралы оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

IMG-20231003-WA0092

 

Ұлттық кезеңге өңірлік іріктеулерге қатысуға еліміздің барлық мектептерінің оқушылары келесі санаттар бойынша шақырылады:

1. FIRST LEGO League Explore (6-10 жас)
2. FIRST LEGO League Challenge (10-16 жас)
3. FIRST Tech Challenge (12-18 жас)
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы жарысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінен 10 000-нан астам оқушы қатысты. Хьюстонда өткен әлемдік кезеңге 50-ге жуық қазақстандық оқушы барып, елге үш бірдей жүлде алып келген болатын.

«FIRST in show чемпионатының жаңа маусымы өнер тақырыбына арналған және STEM арқылы оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған. Ұлттық чемпионатқа біз командаларды екі кезеңде іріктейтін боламыз: әлеуметтік желілер арқылы онлайн іріктеу және өңірлік іріктеу жарыстары өткізіледі. Биыл Қазақстанның барлық 17 облысында және республикалық маңызы бар 3 қалада өңірлік іріктеу жүргіземіз. Сондай-ақ ауыл мектептерінің оқушыларына ерекше назар аударғымыз келеді», - деп бөлісті USTEM Foundation қорының негізін қалаушы Нұрдәулет Досмағамбет.

Айта кетейік, жарысқа қатысу тегін.  Сайыстың ережесі firstrobotics.kz сайтында жарияланды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале