23.01.2022, 17:10
Оқылды: 86

Қазақстанның БҰҰ-ға мүше болғанына 30 жыл толды

Осыдан дәл 30 жыл бұрын, 1992 жылғы 23 қаңтарда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі өзінің 3034-ші отырысында «Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылдау туралы өтінішін қарап», Бас Ассамблеяға «Қазақстан Республикасын БҰҰ-ның мүшелігіне қабылдауды» ұсынатын 732 (1992) қарарын бірауыздан қабылдады. Бұл жайында сыртқы саяси ведомствоның Telegram парақшасынан белгілі болды.

921489FE-0482-4062-8E48-04A4F8B91E87

Кеңес төрағасы Қауіпсіздік Кеңесі мүшелерінің атынан жасаған мәлімдемесінде бұл шешімді «шынайы тарихи оқиға» деп атады.

«Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы жұмысының барлық салаларына маңызды үлес қоса алатынына күмәнім жоқ», - деп мәлімдеді ол.

Ол сондай-ақ:

«Кеңес мүшелері Қазақстан бейбітшіл, БҰҰ Жарғысында қамтылған міндеттемелерді орындауға қабілетті және дайын мемлекет бола отырып, Жарғының қағидаттарында қамтылған мақсаттар мен міндеттерді іске асыруға белсенді және сындарлы ықпал ететініне сенімді», - деп атап өтті.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале