18.07.2023, 15:44
Оқылды: 17

Қазақстанның Қорғаныс министрлігіне Түркия Қарулы күштерінің делегациясы келді

Қазақстан қорғаныс ведомствосы басшылығының түрік әріптестерімен хаттамалық кездесуі өтті. Бұл туралы Қазақстанның Қорғаныс министрлігі хабарлады.

975165ef563c405f62ea208557791743_1280x720

Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов пен ҚР Қарулы күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Марат Құсайынов ТР Қарулы күштері Құрлық әскерлерінің қолбасшысы армия генералы Мұса Авсевермен және Түркияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Мұстафа Капуджумен кездесті.

8bf2febd760e0d312f0b5ae0d800b49b_1280x720

Тараптар әскери білім беру, жауынгерлік дайындық және бітімгерлік қызмет саласындағы екіжақты қатынастардың қазіргі ахуалы мен перспективалары мәселелерін талқылады.

Қорғаныс ведомстволарының өкілдері де әскери-техникалық ынтымақтастық саласында қол жеткізілген уағдаластықтардың жоспарлы түрде іске асырылып жатқанын атап өтті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале