1.07.2022, 12:30
Оқылды: 180

«Қазақстанның көршілес елдердің ешқайсысымен аумақтық дауы жоқ»

Бұл туралы «Халықаралық қатынастардың қазіргі заманғы жүйесіндегі Қазақстан Республикасы» атты халықаралық конференция барысында ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

220701120801508e

«2020 жылдың наурыз айында қабылданған 2020-2030 жылдарға арналған сыртқы саясат тұжырымдамасы қазақстандық дипломатияны одан әрі жетілдірудің негізін қалады. Бұл құжат халықаралық аренада ұлттық мүдделерді ілгерілетудің стратегиялық басымдықтары мен тетіктерін айқындайтын негізгі қағидаттарды қалыптастырады. Тұжырымдамада сыртқы саяси курс негіздерінің сабақтастығы – көпвекторлы, тепе-теңдік, прагматизм және ұлттық мүдделерді қорғау сақталады», - деді министр.

Мұхтар Тілеуберді Қазақстан посткеңестік кеңістікте алғашқылардың бірі болып мемлекеттік шекараны оның бүкіл ұзындығы бойымен ресімдегенін және бүгінде көршілес елдердің ешқайсысымен аумақтық дауы жоқ екенін атап өтті.

Сонымен қатар министр еліміздің 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануы тарихи оқиға болғандығын атап өтті. Қазақстанның мүше болуы Орталық Азияның өзекті мәселелерін жоғары деңгейде көрсетудің тамаша мүмкіндігіне айналды. Өйткені еліміз саяси және экономикалық өзгерістердің тұтас кешенін бастан кешіріп жатқан аймақтағы барлық елдердің ұжымдық мүдделерін білдіруге ұмтылды. Халықаралық аренадағы жауапты да бейбітшіл саясатының арқасында еліміз посткеңестік кеңістікте бірінші болып 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға басшылық ету құрметін иеленді.

«Қазақстанның төрағалығының қорытындысы –ЕҚЫҰ-ның 21 ғасырдағы бірінші және өкінішке орай, әзірге жалғыз саммитін елордамызда өткізу және «Қауіпсіздік қоғамдастығын құру жолында» атты тарихи Астана декларациясының қабылдануы болды. Еуропалық қауіпсіздіктің ағымдағы дағдарысы аясында Астана саммитінің мұрасы қазірде қауіпсіздіктің құрлықтық платформасын қалыптастыруда өзектілігін сақтап отыр», - деді Мұхтар Тілеуберді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале