Иранның Исфахан қаласында өткен физика пәні бойынша халықаралық олимпиада (IPHO-2024) өз мәресіне жетті. Қазақстан құрама командасы төрт күміс және бір қола медаль иеленіп, 100 % көрсеткішке қол жеткізді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабаралды.

Фото: министрліктен
ІІ – Марғұлан Нұрсағатов - Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 11-сынып оқушысы;
ІІ – Досжан Бисимби - Алматы қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебінің 12-сынып оқушысы;
ІІ – Артур Ким - Ақтөбе облыстық дарынды жасөспірімдерге арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
ІІ – Әмір Пшенбаев - Астана қаласы дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;
ІІІ – Илияс Қазымбек - Астана қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 9-сынып оқушысы.
Құрама команданың жетекшілері – Самат Мақсұтов – PhD докторы, SDU University доценті;
Назарали Айтджанов – SDU University физика пәні мұғалімі.