6.04.2026, 10:00
Оқылды: 16

Қазақстанның курорттық аймақтарындағы демалыс орындарында 4,8 млн адам демалды

жп Шарын Динара Насыр (1)

Фото сайт қорынан

2025 жылы Қазақстанның курорттық аймақтарындағы демалыс орындарында 4,8 млн келушіге қызмет көрсеткен, бұл 2024 жылмен (4,3 млн келуші) салыстырғанда 11,5% көп, деп хабарлайды ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының телеграмдағы ресми арнасы.  Туристердің 17,3% – резидент емес азаматтар.

Ең көп келуші Алматы тау кластерінде тіркелді – 2,9 млн адам. Екінші орында – Щучинск-Бурабай курорт аймағы, мұнда орналастыру орындарында 463,1 мың адам тоқтаған. Үшінші орында – 370,1 мың келушісі бар Маңғыстау курорт аймағы.

Сондай-ақ үздік бестікке екі танымал курорт аймағы кірді – Балқаш туристік аймағы (182,9 мың адам) мен Жетісу облысындағы Алакөл курорт аймағы (149,1 мың адам).

2025 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында курорт аймақтарындағы орналастыру орындары 198,5 млрд теңгеге қызмет көрсеткен.

Жалпы Қазақстанның курорт аймақтарында демалушыларды орналастыратын 1856 орын тіркелген.

Дереккөз: Qazstat

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале