"Украинада болып жатқан жағдайды өздеріңіз көріп, біліп отырсыздар. Бұл мәселелер Украина экономикасына өте күрделі өзгерістер енгізіп жатыр. Бүгінгі таңда, әрине, халықтың көңіл-күйі түсіп кеткен. Біреу үйіңе есігіңді теуіп кіріп жатса, қандай сезімде болар едің", – деді Дархан Қалетаев.
Елші қазір Киев қаласында екен және қалада ахуалдың тыныш екенін жеткізді. Оның сөзінше, Киевте "соғыс болып жатыр" деген бос сөз. Сонымен қатар ол Украинададағы елшілікке 2 мыңға жуық Қазақстан азаматының тіркеуде тұрғанын мәлімдеді.
"Олардың бәрімен тікелей хабардамыз. Қауіп төнген жағдайда қалай жұмыс істеуіміз керек екені жөнінде жоспарымыз бар. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігімен бұл мәселе келісілген. Әрине, ең бастысы – әуе жолы. Қазір ғана Air Astana әуе компаниясының басшылығымен тікелей телефон арқылы келіссөз жүргіздім. Қалай жұмыс істеуіміз керек екені жөнінде толық түсінік бар. Егер әуе жолы жабылса, басқа да жолдар бар", – деді елші.
NEGE.