Өзбекстан астанасында көршілес алты елден: Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Түркіменстан және Тәжікстаннан келген 135 оқушы арасында Әл-Харезми атындағы халықаралық математика олимпиадасы өтті. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі жазды.
Қазақстан құрамасы 100% нәтиже көрсетіп, төрт медаль жеңіп алды: 2 алтын, 1 күміс және 1 қола:
Шерхан Жақсылық – Ақтөбе облыстық дарынды жасөспірімдерге арналған «Білім-инновация» мамандандырылған мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы;
Орынбасар Бердібек – Атырау облыстық №1 «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;
Темірлан Әбішев – Атырау облыстық №1 «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;
Батырхан Аружан – Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 8-сынып оқушысы.
Құрама команданың жетекшісі – Ибрагим Ибатулин, «Үздік педагог» номинациясының иегері, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпазы.
Естеріңізге салсақ, бірінші олимпиада 2023 жылы өтіп, оған 5 елден 72 қатысушы жиналған. Онда Қазақстан құрамасы екі алтын, екі күміс медальді еншіледі.
zhaikpress.kz