25.01.2024, 15:45
Оқылды: 102

Қазақстанның жас жазушылары мен ақындары президенттік әдеби сыйлыққа ие болды

Қазақстанның жас жазушылары мен ақындары президенттік әдеби сыйлыққа ие болды.

Бұл туралы мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

прездиент степ (1)

Бүгін Алматыда өткен салтанатты іс-шарада Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жас жазушылар мен ақындарға Президенттік арнаулы әдеби сыйлықты табыс етті. Іс-шараға белгілі ақындар мен жазушылар, мәдениет қайраткерлері қатысты.

прездиент степ (2)
«Әдебиет – ұлттың жаны. Ол әрдайым халықпен бірге үздіксіз дамып отырады. Шығармашыл тұлғаның қаламынан қашалып шыққан туынды қай кезде де әлемдік контекстегі ұлттың ерекшелігін танытатыны сөзсіз. Хәкім Абай, Мұхтар Әуезов, Қасым Аманжолов, Жұмекен Нәжімеденов, Мұқағали Мақатаев сынды әдебиет алыптарының шығармалары өз уақытының көркемдік көкжиегін кеңейтті. Руханияттың осынау ұлы көші өз сапарын тоқтатпай, кеше мен бүгінді, бүгін мен ертеңді жалғап келеді. Сондықтан біз әрдайым жас қаламгерлер шығармашылығын айрықша назарда ұстаймыз», - деп атап өтті министр.

прездиент степ (3)

Сондай-ақ Аида Балаева мемлекет тарапынан еліміздің ақын-жазушыларының туындыларын басып шығару арқылы оларға белсенді түрде қолдау көрсететінін айтты. Министр «Қазақстанның жас жазушылары мен ақындарына арналған Президенттік арнаулы әдеби сыйлықтың лауреаты» атағының иегерлеріне арнайы дипломдар мен төсбелгілер және ақшалай сыйлықтар табыс етті.

Фото: aqparatqogam

прездиент степ (4)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале