13.02.2024, 17:00
Оқылды: 15

Қазақтар мәдениеті зор халық

 Қазақтар туралы жақсы пікір, жағымды пайымдау жасағандардың бірі орыс тарихшысы, этнограф, орыс География қоғамының Батыс Сібір бөлімінің мүшесі Александр Никитич Седельников еді.

ЖП этнофестиваль (4)

Ол 1897-1919 жылдары Алтайға 12 рет саяхат ұйымдастырған ғалым, өзі жүрген өлкенің өзен-көлдерін зерттеп 20-дан астам еңбек жазады. Оның «Зайсан көлі» атты кітабы Орыс География қоғамында ерекше аталып, оған кіші алтын медалі беріледі.

Ғалым қазақтар туралы: «Азияда көшіп-қонып жүретін түркілердің ішінде қырғыз-қазақтар басқаларға қарағанда, мәдениетті халық. Сондықтан олардың болашағы мол. Бұл халық жаңалықты бойына тез сіңіреді екен.

Қырғыз-қазақтың мәдениеттілігін тілінің сипатынан, өз ойын дұрыс жеткізу жөніндегі қабілетінен және сөйлеу формасынан, халық әдебиетінің байлығынан және мәдениетінің даму деңгейінен аңғаруға болады.

Қырғыздардың қоғамдық өмірі жақсы дамыған, ол - адам сыйлау, ел қыдыру және сауық құру әрбір отбасындағы қуаныш мерекелерге ұласып жатады, Ондайда бүкіл ауылды және туыстарын шақырады. Әңгіме-дүкен құрады, ойындар ойналады, ән мен жыр толас таппайды», - деп жазады.

Зұлқожа Шарафутдинов,

 zhaikpress.kz

(«Қазақтар». Энциклопедиялық анықтамалық. А. 2003 жыл)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале