9.12.2021, 13:00
Оқылды: 41

Қазақтың бас ақыны – Париж төрінде

Парижде Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Абай бюсті ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

1D280212-E729-40DE-B656-47681D8019EB

"Парижде ақын, композитор, ағартушы Абай Құнанбаевтың бюсті ашылды. Бюст Париждің орталығында ақындар алаңына орнатылды, онда француз жазушысы Виктор Гюго, орыс ақыны, жазушысы Александр Пушкин секілді тұлғалардың мүсіндері бар. Абай Құнанбаевтың мүсіні Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында ашылды. Ұйымдастырушы - ҚР Франциядағы елшілігі, бюст демеушілік қаражат есебінен ашылды", - деп жазды елорда әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында.

Әкім Париж қаласының мэрі Анн Идалгомен достық пен ынтымақтастық туралы пактіге қол қойылғанын атап өтті. Сондай-ақ, қала басшылары бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

"Мемлекет басшысының тапсырмасымен қаламыздың экономикасына жеке инвестициялар тарту бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Мәселен, Астанада 30-дан аса француз компаниясы жұмыс істейді. Бұл бірлескен жобаларды ашу және жеке инвестицияларды тарту ғана емес, қосымша жұмыс орындарын құруға да байланысты", - деді ол.

"Бірлескен жобалардың санын арттыратын боламыз. Осылайша, елордамызда Францияның жеке инвестициялары есебінен жеке мектеп салуға келістік. Сондай-ақ, мұражайларды келесі жылы елордаға келуге шақырдық, бұл, сөзсіз, елордамыздың мәдени саласының дамуына өз үлесін қосады", - деп түйіндеді Көлгінов.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале