13.05.2021, 17:37
Оқылды: 149

Қазан қаласындағы атыс кезінде қаза тапқандарды еске алды

Бүгін Оралдағы Ресей Федерациясы елшілігі ғимараты алдында Қазан қаласындағы атыс кезінде қаза тапқандарды еске алды. БҚО-ның белсенді жастары бір минут үнсіздік жариялап, қайғылы оқиғада көз жұмған жандарға арнап гүл шоқтарын қойды.

20210513_160922

-Қаза тапқандардың туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектеспіз. Біз Қазақстан жастары әрқашан көмек қолын созуға дайынбыз – деді мәслихат депутаты Асель Мырзахметова.

Ал жастар саясаты басқармасының бас маманы Әділгерей Зұлхаров жантүршігерлік оқиғаның "Ақжайық жастарын" алаңдатпай қоймағанын жеткізді. Бейбіт күні адам шығынына алып келген оқиғаға орай көршілес елдің қайғысына ортақ екенін айтты.

20210513_160955

Еске салсақ, Қазан қаласында №175 мектеп гимназиясында белгісіз екі азамат мектеп ішінде атыс ұйымдастырған. 9 адам бақилық болып, 16 адам жарақат алған. Бүгінде 6 бала жансақтау бөлімінде жатыр. Атыс басталған сәтте балалар 3-қабаттағы терезелерден секірген.

Атыстан бөлек, мектепте жарылыс болған. Қаскөйлердің бірі 19 жастағы Ильназ Галявиев есімді жігіт екені анықталып, қамауға алынды.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале