2.10.2024, 11:30
Оқылды: 72

Қазанда «Қазақстан темір жолы» 1,3 млн тонна астық жүктерін тасымалдауды жоспарлап отыр

1 млн тоннадан астам жаңа астық, оның ішінде 867 мың тоннасы экспортқа өткен айда ҚТЖ желісі арқылы тасымалданған. Бұл туралы АШМ хабарлады.

C5B82DAD-5064-4D0C-A768-F71C9062B7B9

Сурет: АШМ

Орталық Азия елдеріне 457 мың тонна, Қытайға – 187 мың тонна астық, тағы 140 мың тонна астық Ақтау порты арқылы Иранға экспортталды. Қазан айында 1,3 млн тонна астық жүктерін тасымалдау жоспарлануда.

Жалпы, ағымдағы жылдың 9 айында 6,6 млн тонна астық тасымалданды, оның ішінде экспортқа – 5 млн тонна.

Тасымалдауды және өзара іс-қимылды талқылау үшін компания өкілдері өңірлерде фермерлермен, астық нарығына қатысушылармен, элеваторлардың иелерімен кездесулер өткізді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале