4.09.2024, 15:00
Оқылды: 691

«ҚазАвтоЖол» АҚ-ның бұрынғы төрағасының ісі сотқа жолданды

Бюджет қаражатын ұрлады деп айыпталған «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ның бұрынғы төрағасының ісі сотқа жолданды.

928A47D1-65BC-461D-91F0-CA5340A424DD

Сурет: freepik.com

«Есіл өзені арқылы көпір салумен «Жақсы–Есіл–Бузулук» автожолын күрделі жөндеуге бөлінген мемлекет қаражатын жымқырды деген күдікпен «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ бұрынғы төрағасы мен бас мердігерге қатысты тергеу аяқталды», - деп хабарлады Бас көлік прокуратурасы.

Тергеу нәтижесінде белгілі балғандай, «ҚазАвтоЖолдың» басшылығы мердігерге негізсіз артықшылық білдіріп, 200 млн теңге көлемінде аванс бере отырып, заңсыз шарт жасасқан.

Бас көлік прокуратурасы істі Астана қаласының сотына жолдады.

Еске салсақ, сәуірде «ҚазАвтоЖолдың» бұрынғы басшысы ұсталған еді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале