25.03.2022, 8:59
Оқылды: 43

Қазгидромет: Наурыздың 25-і күнгі күн райы болжамы

«Қазгидромет» РМК-сы наурыздың 25-і күнгі күн райы болжамын жариялады,деп хабарлайды ҚазАқпарат.

220324234719517e

Кәсіпорынның болжамына қарағанда, атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылмалы болады, жауын жауып, еліміздің солтүстігі мен шығысында көбіне қар жауады, түнде оңтүстік-батыста нөсер жауын (жаңбыр, қар) жауады. Тек еліміздің батысында ғана күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ болады, елдің солтүстігі, солтүстік-батысы мен шығысында жаяу бұрқасын соғады.

Түнде Түркістан облысының батысы, оңтүстігі, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түсіп, күндіз тау асуларында желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Жамбыл облысының оңтүстігі, солтүстік-шығысы мен таулы аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады, таңертең және күндіз облыстың шығысы мен таулы аударында желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады, өңірдің солтүстік-шығысында жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен еседі.

Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түсіп, күндіз орталығында желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, түнде солтүстігі мен оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді, күндіз екпіні 25 м/с болады.

Павлодар облысының түнде шығысында, күндіз солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, түнде шығысында, күндіз батысы мен солтүстігінде желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын болып, түнде батысы, солтүстік-шығысы мен оңтүстігінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, екпіні 23 м/с дейін күшеюі мүмкін.

Қостанай облысының шығысы мен оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады, шығысында жаяу бұрқасын соғады, күндіз шығысында желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақмола облысының солтүстігі мен батысында жаяу бұрқасын соғып, көктайғақ болады, өңірдің солтүстігі мен шығысында желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Маңғыстау облысының батысында тұман түсіп, батысы мен оңтүстік-шығысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Атырау облысының солтүстігі мен орталығында тұман күтіледі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале