9.03.2023, 9:15
Оқылды: 40

ҚАЖД қызметкері адам өмірін құтқарып қалғаны үшін марапатталды

 Алматы қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің инспекторы Салтанат Дусубаеваны адам өмірін құтқарып қалғаны үшін “Қылмыстық-атқару жүйесінің үздігі” төсбелгісімен марапаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

8e5968b0-d521-42d4-952d-6c2528583595

Фото: Polisia.kz.

Салтанат Дусубаева Арқалық – Қостанай жолаушылар пойызында келе жатып, күтпеген жерден есінен ауып құлаған жолаушыны құтқарып қалған болатын. – Пойызда отырғанымызда жанымда отырған жолаушы қыз аяқ астынан өзін жаман сезініп, құлап бара жатты. Мен дереу көмекке келіп, қан қысымын өлшеп, жасанды демалдыруға кірістім. Кеудесі мен аяғына суық басқан соң ғана есін жинады, – дейді Салтанат.

Келесі Есіл станциясына жеткенде науқасты жедел жәрдем дәрігерлері күтіп алған. Дәрігерлік білімі жоқ болса да, Салтанаттың дер кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетуінің нәтижесінде жолаушы қыз аман қалды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале