Казталов ауданының әкімі Альберт Есалиев халық алдында есеп берді. Есептік кездесуге облыс әкімі Ғали Есқалиев қатысты.
Ең алдымен ауданның инвестициясына тоқталған ол негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2018 жылы 6 млрд. 72 млн. теңге болса, 2019 жылы 9 млрд. 309 млн. теңгеге жетіп, тиісті кезеңмен салыстырғанда 153,3%-ға ұлғайғанын жеткізді.
Ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы көлемі 15 млрд. 909 млн теңге. Бұл көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда 104,3% артық. Сондай-ақ, саланың өнімділігін арттыруға және инвестициялық салымдардың бір бөлігін қайтаруға 1 млрд. 281 млн.теңге субсидияға қол жеткізген. Ал асыл тұқымды мал асырайтын шаруа қожалықтарының саны 21-ден 32-ге жетіп, 52%-ға өскен.
zhaikpress.kz
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице в Instagram и нашем Telegram-канале