31.01.2020, 13:58
Оқылды: 131

Казталов ауданында ивестиция көлемі 153 пайызға ұлғайған

Казталов ауданының әкімі Альберт Есалиев халық алдында  есеп берді. Есептік кездесуге облыс әкімі Ғали Есқалиев қатысты.

WhatsApp Image 2020-01-31 at 11.31.40 (1)

Ең алдымен ауданның инвестициясына тоқталған ол негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2018 жылы 6 млрд. 72 млн. теңге болса, 2019 жылы 9 млрд. 309 млн. теңгеге жетіп, тиісті кезеңмен салыстырғанда 153,3%-ға ұлғайғанын жеткізді.

WhatsApp Image 2020-01-31 at 11.31.48

Ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы көлемі 15 млрд. 909 млн теңге. Бұл көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда 104,3% артық. Сондай-ақ,  саланың өнімділігін арттыруға және инвестициялық салымдардың бір бөлігін қайтаруға 1 млрд. 281 млн.теңге субсидияға қол жеткізген. Ал асыл тұқымды мал асырайтын шаруа қожалықтарының саны 21-ден 32-ге жетіп, 52%-ға өскен.

WhatsApp Image 2020-01-31 at 11.31.33

 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице в Instagram и нашем Telegram-канале

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале