28.06.2024, 23:00
Оқылды: 90

Казталовта балаларға мектеп жанындағы лагерлер ұйымдастырылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Еліміздің жас буын өкілдерінің балалық шағы бақытты өтіп, дені сау, жан-жақты азамат болып өсуіне жағдай жасау – стратегиялық маңызы бар міндет. Бұл – Қазақстанның жарқын болашағының кепілі» деген. Бүгінде балалар үшін мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау шаралары жүзеге асуда. Оларға қолайлы орта қалыптастыру, сапалы білім беру, бос уақытын тиімді ұйымдастырып, қауіпсіздігін қамтамасыз ету мемлекеттің басты міндеттерінің бірі болып табылады. Оның ішінде балалардың жазғы демалыс лагерін ұйымдастырудың маңызы зор.

InShot_20240628_185358655

Казталов ауданында оқушылардың жазғы демалысын және бос уақытын ұйымдастыру, сауықтыру мақсатында 3-28 маусым аралығында 4 кезеңді қамтыған мектеп жанындағы лагерь ұйымдастырылды. Мектеп жанындағы лагерьлерге жалпы 4222 оқушы қатысты. Оның ішінде мектеп жанындағы интернаты бар 12 мектеп және А.Оразбаева, К.Мендалиев, Ғ.Молдашев атындағы жалпы орта білім беретін мектептерінде 1442 балаға ыстық тамақпен қамтылған мектеп жанындағы лагерь қызмет атқарса, 20 білім ордасында ыстық тамақпен қамтылмаған 2780 оқушыға лагерь ұйымдастырылды.

IMG-20240628-WA0034

Мектеп жанындағы лагерьлер жоғарыда атап өткеніміздей балалардың бос уақытын тиімді өткізу, спортқа, шығармашылыққа баулып, рухани және физикалық дамуын қалыптастыру бағытында ұйымдастырылды. Балалардың әр күнін қызықты өткізу мақсатында түрлі тақырыптық челлендждер, танымдық сағаттар, спорттық жарыстар, психологиялық тренингтер, интеллектуалдық ойындар ұйымдастырылып, жетекші ұстаздарымыз өздерінің біліктіліктері мен кәсібилігін таныта білді.

IMG-20240628-WA0032

Балалардың денсаулығы басты назарымызда. Мектеп жанындағы лагерлер медицина саласының мамандарымен қамтамасыз етілді. Аталған аралықта балалардың денсаулығына қауіп төндіретін оқыс оқиға тіркелмегендігін атап өткеніміз жөн. Әйтсе де, балалардың физикалық дамуын арттыру мақсатында таңғы жаттығулар, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында тақырыптық іс-шаралар оздырылды. Орта буынды медицина қызметкерлері оқушыларға ақпараттық түсіндіру жұмыстарын үнемі жүргізіп отырды.

IMG-20240628-WA0036

Оқушылардың танымын кеңейту де біздің назарымыздан тыс қалмады. Бұл бағытта балаларға «Ақпәтер» тарихи-өлкетану музейі, «Көктерек» тарихи-өлкетану музейі, Бөкей Ордасы ауданындағы «Хан Ордасы» музей-қорығына экскурсиялар ұйымдастырылып,қазіргі сәтте 994 оқушы қамтылды. Сондай-ақ балалар облыс орталығындағы Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасына барып, рухани азық алды. Осы тұста лагерьлерде балалардың кітап оқуға қызығушылығы қалыптасып, оқыған кітаптарын бір-бірімен талқылағандығын да атап өткен жөн.

IMG-20240628-WA0031

Балалар еліміздің ертеңі десек, олардың бүгініне назар аударуымыз қажет. Оларға сапалы білім беріп, демалысын тиімді ұйымдастыру басты міндетіміз.

Жазира Суйешова

Казталов аудандық білім беру бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі әдіскері

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале