28.08.2024, 13:00
Оқылды: 145

ҚазҰӨУ түлегі Эльбрус шыңында «Адай» күйін орындады

Қазақ ұлттық өнер университетінің халықаралық ынтымақтастық және шығармашылық қызмет бөлімінің жетекшісі Әлібек Қайырбек Еуропаның ең биік шыңы – Эльбрус тауын бағындырып, домбырамен «Адай» күйін орындады. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі жазды.

0BAC2DF2-8E57-4965-B77D-C50D5764AB97

Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстандық музыкант бұл шыңға шамамен бір аптада көтерілген. Биікті бағындыру үшін ол жарты жыл бойы дайындалған.

Әлібек Қайырбек республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты.

1B6EF97D-9150-4C57-B99C-8047C57C81DE

Ол 9-сыныптан кейін Астанадағы Ұлттық өнер университетінің музыкалық колледжінің домбыра бөліміне оқуға түскен.

Содан кейін «Шабыт» ҚазҰӨУ-ге түсті.

2013 жылдан бері концерттер мен гастрольдік сапарларға белсенді қатысып жүр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале