23.01.2025, 10:45
Оқылды: 215

ҚазҰУ-дың жас ғалымы Оксфордқа шақырту алды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінің Қытайтану кафедрасының жас ғалымы Арыстанбек Ақылбай Оксфорд университетіне танылған студент ретінде қабылданды. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.  

f66090ab-7678-4ee9-87e9-db11944628ca +++

Сурет: gov.kz

Жас ғалым 2025 жылғы қаңтардан бастап Ұлыбританиядағы Оксфорд жаһандық және аймақтық зерттеулер мектебінде «Аймақтану» мамандығы бойынша оқитын болады. Оқуды аяқтағаннан кейін Арыстанбек Оксфорд университетінің қауымдастырылған түлегі мәртебесін алады.

Бұған дейін ҚазҰУ-дың жас ғалымы Гарвардқа (АҚШ) шақырту алып, шақырылған ғылыми қызметкер ретінде келісімшарт бойынша жұмыс істеген болатын.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале